Коронавирусқа шалдыққан 192 адамның жағдайы ауыр

/image/2020/11/13/crop-91_42_334x445_intubated-adult-white-man-under-avl-lying-in-coma-in-intensive-care-department-p

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан 8 247 адам ем қабылдап жатқанын хабарлады.

"Олардың арасында 437 бала бар. Стационарда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 192 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланды. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады" делінген ақпараттық хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар