Желіде "Жанболат Ағаділді абайсызда пышақтадым" деген адамның видеосы тарады

/image/2020/11/13/crop-17_40_588x1045_e9777777-dcf6-4ed8-9ccc-54aea1bfd585.jpg

Әлеуметтік желіде азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділге "төбелес кезінде пышақ ұрдым" деген адамның видеосы тарады.

Видеодағы адам астанаға ата-анасымен бір жыл бұрын жұмыс істеуге келгенін айтып, досының шақыруымен бір жерге барғанын, ол жерге барғанда біреуді ұру, өлтіру ойында болмағанан жеткізген.

"Барған кезде төбелес басталды. Төбелес арасында пышақ ұрып қойдым" деген ол қаза тапқан адамның Жанболат Ағаділ екенін артынан білгенін, Жанболат досы да, қасы да еместігін, тек қашып бара жатып пышақ ұрып қойғанын айтып, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

Ресми орган тарапынан видео туралы, оның Жанболат Ағаділ қазасына байланысты іске қатысы бар-жоғы жайлы ешқандай мәлімет жарияланған жоқ.

11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткені хабарланған.

Мәйітханаға кірген Жанболаттың жақындары марқұмның денесінен бірнеше пышақ жарақатының ізін көргенін мәлімдеген.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар