Армян саясаттанушысы: Қарабақтағы армяндар Ресейге кетеді

/image/2020/11/13/crop-4_67_384x683_1000-erevan-protest-696x496.jpg

Қарабақтағы армяндардың мақсаты – Қарабаққа қайту емес, шет ел асып кету. Бұл туралы  aze.az басылымы хабарлады. 

Армян саясаттанушысы Степан Даниелян Facebook парақшасында көптеген Қарабақ армяндарының Ресейге біржола көшіп кетуге дайын екенін жазды. Өйткені Арменияда олар үшін өмір сүруге  жағдай жасалмаған.

Жеңілген тарап орындықтарын сақтау туралы ғана ойлайды. Біз генофондты жоғалтамыз, аумақтарды жоғалтамыз. Мұның бәрін қалай сипаттауға болады? – деп жазды Даниелян.

Еревандағы наразылық кезінде Қарабақ армяндарынан бұдан әрі не істейтіндерін сұраған, олардың көпшілігі "Армениядан кетеміз" деп жауап берген.

Бұған дейін Қарабақ қақтығысының аяқталғаны туралы хабарланған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Осылайша үш елдің арасында болған келісім бойынша 3 аудан Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылады. Бұл келісімнен кейін Армения астанасы Ереванда премьер-министрге қарсы митинг өтіп, халық Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен болатын. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар