Алаңда азаматтық белсенді, журналист Рысбек Сәрсенбай сөз алды.
– Бізге арам сайлаудың түкке де керегі жоқ! Біз сайлауға қатысудан ашық түрде бас тартуымыз керек! Сонда да сайлау жүргізілсе, бұрмаланған парламент деп бас тарту керек! Ол заңсыз сайлау деуіміз керек! Сонда күрес қайта жалғасады. Біз жеңіске баратын жолды тазалауымыз керек! Назарбаевтың қисық заңдарын түзеттіруіміз керек!
Ел қазір бірігетін жағдайда емес. Бірі біз секілді сайлауға қарсы байкот жарияласа, енді бірі адасушылықпен сайлауға бару керек деп отыр. Бұл – өмірдің шындығы. Екіге айырылып тұрмыз! – дейді журналист.
Пікір қалдыру