Қытаймен шиеленіс асқынған тұста, Тайвань әскери күштерінің басшысы жойғыш ұшақтарды тексерді

/image/2020/11/16/crop-7_4_553x1012_aaabbbbb.jpg

Өткен айда "F-5" ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Тайвань Әскери-әуе күштерінің басшысы өзге "F-5"  ұшақтарына сынақ жасады. Қытаймен шиеленіс күшейе түскен кезде, Тайваньдағы "F-5" реактивті ұшақтарының барлығы жерге қондырылып, тексеруден өтті.

– Мен "F-5"-тің ұшуы қауіпсіз деп санаймын, – деді Әскери-әуе күштері қолбасшысы Сян Ху Чи.

Тайваньды Қытай өзінің провинциясы деп санайды және оны күшпен қайтарып алуды жоққа шығармайды, бұл аралдың әуе кеңістігінде шиеленіске әкеледі. Соңғы жылдары Цай Инг-вэн Тайвань президенті болып сайланғаннан кейін Қытаймен шиеленіс күшейе түсті.

Қазан айының басында Тайвань қорғаныс министрі "қаңтардан бастап әуе күштері шамамен 3000 рет қытайлық ұшақтармен бетпе-бет келді" деп мәлімдеді.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Хсиунг сенбіде 40 минуттық сынақ рейсінде екі адамдық реактивті ұшақпен ұшты.

– Мен "F-5"-тің сенімді екенін және әуе күштері әскери қызметшілеріміздің аспанымызды қорғауға деген ерік-жігерін отандастарымызға көрсету үшін сынақ рейсіне қатыстым, – деп келтірді оның сөзін Әскери жаңалықтар агенттігі.

Ол 40 жылдан артық тарихы бар реактивті F-5 ұшақтары әлемнің 26 елінде әлі де қолданылып жүргенін айтты.

29 қазанда  "F-5" ұшағының бір орындық нұсқасы апатқа ұшыраған болатын. Жаттығу миссиясы кезінде, ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай ұшақта механикалық ақау шыққан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар