Борат24: ҚР ҰҚК қылмыстық топты ұстады

/image/2020/11/16/crop-107_24_421x562_photo_342243.jpeg

2020 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелден Қазақстанға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және “Борат24” интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трансұлттық есірткі құрылымына қатысушы 34 ұсталып, 8 есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі мегаполистері – Нұрсұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен әкелінген 40 кг психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің қара нарықтағы бөлшек құнының болжамды бағасы 600 млн теңгені құрайды (80 мың мөлшерлеме).

Одан басқа, "биткоиндар" сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптоайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді. Бұл ретте, алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы "майнинг ферма" анықталды. Есірткі құрылымының көмекшілері 2 жылда (2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында) 2,5 млрд теңгеден астам соманы заңдастырған.

Көрсетілген фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 4-тармағы, 264-бабы 2-тармағы, 286-бабы 4-тармағы және 218 бабы 3-тармағы бойынша  тіркелді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар