Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Армен Джигарханянның қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасы сайты хабарлады.
"Назарбаев көрнекті мәдениет қайраткері, актер Армен Джигарханянның қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы А.Джигарханян бар ғұмырын өнерге арнап, өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің құрметі мен ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті" деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ елбасы Армен Джигарханянның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Еске сала кетейік, қарашаның 14 күні КСРО-ның халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Пікір қалдыру