Коронавирус 2019 жылы қыркүйек айында Қытайдан Италияға таралған –Италиялық зерттеушілер

/image/2020/11/17/crop-23_31_754x1395_aaaaaaaaaa.jpg

"Коронавирус Қытайдан Италияға 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап тараған болуы мүмкін" деді италиялық ғалымдар.

Миландағы Ұлттық онкологиялық институтта жүргізілген жаңа зерттеулер "Ковид-19 Еуропада ресми түрде алғаш тіркелгеннен бірнеше ай бұрын болған болуы мүмкін" деп болжайды.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, ауру алғаш рет желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында байқалған.

Италияда коронавирустың алғашқы оқиғасы Ломбардияда 21 ақпанда тіркелді. Бірақ зерттеу жүргізген ғалымдар өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қан үлгілерінен патогенді байқаған. Олар зерттеу "пандемияның тарихын өзгертуі мүмкін" деп хабарлады.

Зерттеу "Tumori Journal" ғылыми журналында жарияланған.

Онда белгілері жоқ 1000-ға жуық адамның қан үлгілері сараптама жасалған.

Тестке қатысушылар 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың наурызына дейін Миланда өткізілген қатерлі ісік ауруларының еріктілері болды.

Зерттеулер көрсеткендей, пациенттердің 11 пайыздан астамында "SARS-CoV-2" штаммына коронавирустық антиденелер түзілген, оның 14 пайызы 2019 жылдың қыркүйегінде берілген қаннан алынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар