Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Ж.Пралиева карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.
Аталған қаулыға сәйкес:
- 1-5-сынып және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастыру;
- оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирустық инфекция ауруының бір жағдайын тіркеу кезінде ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшіруге қатаң түрде жол беріледі;
- қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде түсіндіру.
Қаулының толық нұсқасы мына жерде.
Қостанай облысының бас санитар дәрігері В. Нечитайло карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді.
Бас санитар дәрігер жұмыс күндері сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін облыс аумағында қоғамдық көліктің жүруін және демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысының тоқтатылуын ұсынды.
Қаулыға сәйкес:
- жабық спорт нысандарының жұмысына тыйым салу;
- қоғамдық тамақтану орындарында бір үстел басында 4 адамнан артық болмауға рұқсат етіледі. Алып кету және жеткізу жұмыстары 22:00-ге дейін шектелген;
- қала сыртындағы жол бойындағы сервис қоғамдық тамақтандыру пункттеріне уақыт бойынша өзімен алып кетуге және жеткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген;
- бассейндердің, оның ішінде моншалар мен сауналардың жұмысына тыйым салынады;
- сауналар мен моншалардың жұмысы 9:00-ден 19:00-ге дейін шектелген;
- санаторийлер мен демалыс базаларының жұмысы тоқтатылды;
- демалыс және мереке күндері авто және ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектерді сататын дүкендердің жұмысына тыйым салынады;
- медициналық-әлеуметтік саланың жұмысы карантин режиміне ауыстырылады;
- балалар секцияларының, үйірмелер мен факультативтердің жұмысына тыйым салынады;
- профилактикалық егулерден басқа, жоспарлы скринингтер көрсету тоқтатылады.
Қаулының толық нұсқасымен танысыңыз.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н. А. Беркімбаеваның карантинді күшейтуге қатысты қаулысында аталған нысаналарға тыйым салынады:
- конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б.өткізуге;
- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
- қала саябақтарында, жағалауларында, скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға алуға:
- бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына;
- демалыс және мереке күндері: сауда-ойын-сауық орталықтарының, алаңы 2000 және одан да көп ш. м. сауда объектілерінің жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;
- азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
- айырбастау пункттері, ломбарттардың қызметіне жұмыс кестесін белгілей отырып сағат 10.00 – 20.00 дейін жұмыс жасау.
Қаулының толық нұсқасы мына сілтемеде.
Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 13-ші қарашада карантиндік шаралар туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Аталған қаулыға сәйкес азық-түлік дүкендерінің қызметі 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс жасай алады.
Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.
Ал Қарағанды облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгин карантин талаптарына өзгерістер енгізді.
Жаңа қаулы бойынша қалада санитариялық шараларды күшейте отырып, объектілердің жұмысы 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі.
Сондай-ақ аталған нысандардың жұмысына тыйым салынады:
- ойын-сауық мекемелер (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары т.б.);
- фудкорт, банкет залдарына;
- қалалық және қоғамдық жағажайлар;
- шаштараз, сұлулық салондары карантиндік шараларды сақтай отырып, клиенттердің алдын-ала жазылуы бойынша қабылдайды.
Қаулының толық нұсқасы.
Пікір қалдыру