"Сөзбен жеткізу мүмкін емес": "Беларусь полициясының қатігездігі шектен шықты (видео)

/image/2020/11/17/crop-166_47_372x496_5d5690f1183561342f8b4601.jpg

Белорусьте президент сайлауында Александр Лукашенко жеңгеннен кейін халық алаңға шығып әділетті сайлау өтуін және Лукашенконың отставкаға кетуін талап етіп қарсылық акциясына шыққан. Содан бері 100 күн өтті. Наразалық білдірушілер толқыны толастар емес.

Полиция гүл мен шар ұстаған әйелдерді күштеп көлікке салып, зейнеткерлерге көз ашытатын газды қолданғанына қарамастан әр жексенбіде ел астанасы Минскте мыңдаған адам қарсылық акциясына шығып, әділдікті талап етуде.

BBC шеруге қатысушылармен сұхбаттасты. Оның қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. 

"Екінші дүниежүзілік соғысты еске салды"

IT саласында жұмыс істейтін 31 жастағы Олеся әр жексенбіде шеруге қатысады. Полицейлер бұл жолы алаңға жиналғандарды дубинкамен ұрып, электрошокерді пайдаланған.

– Полицейлер бізге қайта-қайта шабуылдады. Сұмдық болды. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адамдарды аса қатігездікпен ұрып, қолын қайырып әкетіп жатты, – дейді Олеся.  

Ол басқа адамдармен біргі көп қабатты үйге қарай қашты. Полицейлер көлігімен оларды қуып жетіп көбін ұстады. Бейтаныс адам Олеся мен басқа да адамдарды үйіне кіргізіп, олар аман қалған.  

– Екінші дүниежүзілік соғыста еврейлерді нацистерден құтқару үшін жасағандай біз де тығылуға мәжбүр болдық. Есеңгіреп қалдық, – дейді Олеся.

Осы жексенбіде өткен шеруге азаматтар полицейлер соққыға жығып,  ауруханада қайтыс болған Роман Бондаренконың құрметіне шықты.

Дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін 100 000 адам наразылық акциясына шықты. Олар әділетті сайлау өтуін, саяси тұтқындарды босатуын және полицияның қатігездігін тоқтатуды талап етті.

  

"Полиция пәтерге баса көктеп кірді"

18 жастағы Диана Пчелникова жақында өткен наразылық шеруде өміріндегі ең қорқынышты сәтті бастан өткерген. Ол өзге шерушілермен бірге полициядан қорғану үшін үй дәлізіне қашып кірді. Бейтаныс әйел оларды үйіне кіргізді, бірақ полиция байқап қойған.  

– Мен үйге кірген соңғы адаммын. Полицейлер менің арқамнан дубинкамен ұрды. Біз есікті жабуға тырыстық, алайда олардың күші басым болды. Офицер пәтерге кіріп ер адамның бәрін жинап, қарсылық білдіргендерді дубикамен ұрды. Әйелдер айқайлап полицейлерден оларға күш көрсетпеуін жалынып сұрады. Мен қатты қорықтым. Полицейлер көбін алып кетті. Кейбірі пәтерде тығылып үлгерді. Бірі диванның артына, енді бірі шкафқа тығылды. Үшіншісі балконда болған, – деп еске алды Диана.

"Полицейлер бізді ұрып өлтіруді мақсат тұтқандай соққыға жықты"

Полицейлердің ұрып, соққанына қарамастан шеру бәсеңдемеді. Кәсіпкер Владимир (есімі өзгертілген) "Наразылық акциясына әр барған сайын үйге қайтып келемін бе, жоқ па деген оймен барамын" дейді.

Владимирді тамызда Оркестина түрмесіне жіберу туралы шешім шыққан. Түрмеде оны  аяусыз соққыға жыққан. "Полицейлер бізді ұрып өлтіруді мақсат тұтқандай соққыға жықты" деп қорқынышпен еске алса да шеруге қатысып, әділдікті талап етуге бекініп отыр. Күш, қайраты бұрыннан да артқанын айтады.  

Үш жарым айға созылған наразылық шеруі Белорусь халқын өзгертті. Халық болашағы жарқын елде тұру үшін қазір әрекет ету керектігін түсінді. Оның бірі 29 жастағы Андрей Погерила.

Андрей

Президент сайлауына дейін Андрей саясатқа қызықпайтын. Дауыс беру нәтижесі жарияланып, халық түнде алаңға шыққанда ол кафеде отырған. Халық не үшін жиналғанын көру үшін далаға шыққанда куә болған көріністен кейін өмірі түбегейлі өзгерді.

– Бәрі бейбіт өтіп жатты. Бір мезетте полицейлер келіп халықты асқан қатігездікпен ұра бастады. Өз көзіммен олардың жас қызды дубинкамен ұрғанына куә болды. Бір жігітті аяусыз соққыға жықтығ – деп еске алды Андрей.

Осыны көргеннен кейін ол ойланбастан шерушілер қатарына қосылды.

Белорусь президенті Лукашенко шерушілерді шетел қаржыландырған деп айыптады. Маскүнем, нашақор деп атады. Басты оппозиция көшбасшылары түрмеге қамалды немесе елден қашып кетті. Олар шеруге қатыспады.

Александр Лукашенко

Алаңға мүгедек те, студент те, зейнеткер де жиналды

Белгілі спортшылар ашық түрде президент сайлауы қайта өтуін және полиция қатігездігін тоқтатуын талап етті.

Театр актерлері спектакльдің басында оппозицияның әнұранын айтып шерушілерді қолдайтынын білдірі.

Белсенділер өз қарсылығын сауда үйлерінде флэшмоб арқылы көрсетті.

Полицейлер шерушілердің ұрандары жазылған плакаттарды жұлып алғанымен келесі күні дәл сол жерде жаңа плакат ілініп тұратын.

Полицейлердің қатігездігіне қарамастан халық шеруді бейбіт түрде өткізді. Полицейлер оларға қатігездік танытқанымен келесі шеруге гүлмен келді.

– Полицейлердің қатігездігін көргенде олар секілді болғың келмейтінін түсінесің. Мен табандылық пен өзіме деген сенімділік арқылы өз күшімді көрсетемін, – дейді 32 жастағы Светлана Станченко. Ол шеруге қатысқаны үшін 9 күн түрмеге отырып шықты.

Светлана Стонченко

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар