Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.
Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылдары – Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
1984-1988 жылдары – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1988-1990 жылдары – Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары – аға лаборант.
1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
2008-2011 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары – Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2012-2014 жылдары – Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2014-2017 жылдары – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов экс-орынбасары Бауыржан Мамыталиевке осы күнге дейін атқарған қызметіне алғыс айтып, сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру