Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері шейхімен сөйлесті

/image/2020/11/18/crop--2_26_840x1492_mycollages-11.jpg

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Әңгіме барысында елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды. Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар