Қазақстанның тағы бір облысына блок-бекеттер қойылды

/image/2020/11/18/e0872f26-c9b8-496f-a3a1-b16c27429db7.webp

Қостанай облысының орталығына блок-бекеттер қойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Бас санитар дәрігер В. Нечитайлоның қаулысына сәйкес, облысқа кіріп-шығу үшін азаматтардың арнайы мөрі бар рұқсатнама құжаты болуы тиіс.

Полиция қазіргі уақытта блок-бекеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

– Біз әдеттегідей жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінге дейін қызметкерлеріміз 2,5 мың автокөлікті тексерді, оның 200-ге жуық көлікке қаладан шығуға рұқсат бермеді. Өйткені қолдарында рұқсатнама құжаты  болмады және қаладан шығу үшін нақты себебі жоқ, – дейді No1 блок-бекеттің аға қызметкері Асқар Багасов.

Полиция қызметкерінің айтуынша, әрбір іс жеке-жеке қаралады. Егер де азаматтар ем алуға немесе жақын туысының жерлеу рәсіміне баратын болса, онда оның растайтын құжаты болуы қажет.

Сонымен қатар ол термометриядан өтпеген жолаушылар қаладан шыға алмайтынын атап айтты.

Қазір Қостанай облысының аумағында 20 санитарлық блок-бекет жұмыс істеп тұр, оның жетеуі Қостанай қаласы аумағында орналасқан.

Жаңа қаулы. Қазақстанның бірқатар өңірінде карантин күшейтілді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар