Нұр-Сұлтандағы дәмханада жойқын жарылыс болып, бір адам қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болған. Өрт кезінде үйде 15 газ баллон бары анықталды.
"Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Салдарынан 1 адам қаза болды, 33 адам зардап шекті. Олар түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді.
20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді" деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғаға Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Пікір қалдыру