Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың жалған ПТР-тест анықтамасына қатысты сұраған кешірімін қабылдамады. Бұл туралы 112.ua сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың кешірімін қабылдамаған. Денис Шмыгал қол астындағы инфрақұрылым министрі Криклидің жалған ПТР-тест анықтамасын жасап алғаны үшін кешірім сұраған еді.
12 қарашада Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Украина делегациясымен кездесу өткізген. Алайда қауіпсіздік қызметі Украина инфрақұрылым министрі Владислав Криклиді Маминмен кездесуге жібермеген. Өйткені ол ПТР-тесттің жалған анықтамасын жасап алғаны анықталған.
Пікір қалдыру