Ильхам Алиев: Соғыстың барлық құпиясын ашуға әлі ерте

/image/2020/11/24/crop-78_2_276x491_1000-aliev-agdam-696x427.jpg

Әзербайжанның басып алынған Агдам облысына қатысты "Агдам операциясы" әзірленген.  Бірақ армяндар жерді босатқан соң, оны жүзеге асырудың қажеті жоқ болып қалды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Агдам қаласына сапары барысында осылай деді. Бұл туралы Аze.az сайты хабарлады. 

Соғыстың барлық құпиясын ашуға әлі ерте. Уақыт келеді және көптеген кемшіліктер пайда болады. Бірақ бүгін мен Агдам операциясы жоспарланған деп сенімді түрде айта аламын. Қаншама шығынға ұшырасақ та біз бәрібір Агдамды алар едік. Шуша мен 70-тен астам ауылымыз азат етілгеннен кейін, жаудың беті қайтты. Ақ ту көтерді, менің шарттарымды қабылдап, жеңілгенін мойындады, –  деді Алиев.

Бұған дейін оппозициялық "Родина" армян партиясының төрағасы Артур Ванецян Қарабахтағы соғысты Никол Пашинянның өзі қоздырғанын атап өткен болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар