Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігіне қарағандылық Аңсар Нұржановты емдеуді тапсырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой facebook парақшасында жазды.
Дюшеннің бұлшықет дистрофиясымен ауыратын баланың футболшы Криштиану Роналдуға хат жазып, көмек сұрағаны БАҚ-та жарияланған. Ақпараттарға назар салған Тоқаев денсаулық сақтау министрлігіне Аңсарды емдеу шараларын тапсырды.
Министрдің мәліметінше, Аңсарды емдеуге Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы келісті.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аңсардың анасының БАҚ-та көмек сұрағанына назар аударды. Мен Әселмен (баланың анасы) телефон арқылы сөйлестім. Бұдан кейін емдеу ісінің қалай болатынын талқыладық. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін кездесіп, Аңсарды емдеу бойынша көмектесуге келісті. Оның сауығып кетуін тілейміз" деп жазды министр.
Пікір қалдыру