Украиналық NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкес Киевте 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған рәсімнен тікелей эфир жүргізіп жатқан кезде белгісіз ер адам қыздың қолынан микрофон мен аза тұту шамын қағып, айқайлап, қашып кеткен.
"Біз құқық қорғау органдарын ұжымға шабуыл жасаушыны табуға және жазалауға шақырамыз" делінген NewsOne хабарламасында.
Телеарна басшылығы кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға уәде берді.
Пікір қалдыру