Министрлік: 1 желтоқсанда коронавирусқа шалдыққан 13 444 адам ем қабылдап жатыр

/image/2020/12/01/crop-8_7_488x866_depositphotos_336868908_l-2015-pic905-895x505-54338-1.jpg

Қазақстанда бір тәулікте 689 адамнан коронавирус анықталып, 7 адам қайтыс болған. 68 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталған. 13 444 науқас  ем қабылдап жатыр.

"1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған" делінген денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Елде коронавирус тіркелген алғашқы күннен бүгінге дейін вирус жұқтырғандар саны 132 348 адамға жетті. Оның ішінде 2041 адам өлген.

1 тамыздан бері 42 215 адамнан пневмония анықталған. Оның 443-і қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар