Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 3 тонна мұнай қалдығы жерге төгілген, деп хабарлады 24.kz.
Жеке компанияға тиесілі мұнай тасымалдайтын көлікпен 10 тонна шикізат тасымалдап бара жатқан 1995 жылғы жүргізуші көлік бортын ашып жіберген. Салдарынан 10 шаршы метр жерге мұнай қалдығы төгіледі. Оқиға Жұмажанов атындағы ауылдық округі маңында болған. Енді қоршаған орта мен жер қатпарына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайтын болады.
М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі Думан Бүкірбаев қазіргі таңда қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілгенін, толығымен тазалап, аяқтауға жақын екенін, барлық материалдар жиналып, құзырлы органдарға жіберілетінін мәлім етті.
Пікір қалдыру