Қытай Аустралиядан кешірім сұраудан бас тартып, өздерін айыптады

/image/2020/12/01/crop-3_0_418x723_article357038.jpg

30 қараша күні Аустралия Қытайдан жалған фотоны жариялаған үшін кешірім сұрауын талап еткен болатын. Бірақ Қытай кешірім сұраудан бас тартып, Аустралия Ауғанстандағы аустралиялық сарбаздардың әскери қылмыстарын жасыру үшін "көпшіліктің назарын аударуға" тырысып жатыр деп айыптады, деп хабарлады BBC.

"Тағылған айыптар тек екі мақсатқа қызмет етеді. Олардың бірі – кейбір аустралиялық сарбаздардың қорқынышты қатыгездіктерінен қоғамның назарын аудару. Екіншісі – Қытайды екіжақты қатынастардың нашарлауына кінәлау. Ішкі ұлтшылдықты жандандыруға тағы бір әрекет жасалуы мүмкін" делінген  Қытай таратқан хабарламада.

Бұған дейін Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон телеарнаға берген сұхбатында Бейжің жалған ақпарат таратқаны үшін ұялуы керек екенін айтқан.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар