"Көңіліміз толмайды". Аймағамбетов маман даярлау мәселелері туралы

/image/2020/12/02/crop-1_3_518x921_main37826229_1dc4042484bd763f0c0e38bd2b365e43.jpg

Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында министр Асхат Аймағамбетов педагогтарды дайындау мәселесінің әлі де өзекті екенін айтты.

– Педагогтарды дайындау проблемасы өзекті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Шыны керек, әлі де көңіліміз толмайды. Мектептер университеттерге қарағанда, бағдарламаларын өзгертті. Университеттер соған үлгермей отыр деп мектептер мен білім басқармалары өздері айтып отыр. Онымен келісуге де, келіспеуге де болады. Бірақ проблемалық сұрақтар бар екені анық. Оны реттеуді университеттер өздері қолға алуға тиіс. Министрлікке қана қарап отырмауы керек. Бұл жерде оқу-әдістемелік бірлестіктердің рөлі үлкен, – деді министр.

Министр бағдарламаларды өзгертуге болатынын айта келіп, мектепке керек мамандарды даярлау өзекті мәселе екенін жеткізді.

– Оқу-әдістемелік бірлестіктің ең басты мақсаты – барлық мамандар бойынша дайындап отырған жоғары оқу орындарының жұмысын үйлестіру. Кәсіптік стандартты дайындау керек. Жалпы білім бағдарламаларын жаңарту керек. Жүйелі түрде осы өзгерістерді енгізу керек, – деді Аймағамбетов.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар