Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ұсыну платформасына айналды - Ерлан Қарин

/image/2020/12/02/crop-7_-1_714x1270_2020031522255753444_5d2f11bd67d76892850015_large.jpg

Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ұсыну платформасына айналды. Мұндай пікірді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент бастамалары - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі пен Президентті жастар кадрлық резерві мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ілгерілету платформасына айналды. Айталық, қазіргі уақытта Ұлттық кеңестің 12 мүшесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі құрамына кірді: «Ауыл» партиясынан - Төлеутай Рахымбетов пен Қуат Дәурен, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан - Дания Еспаева мен Иса Қазыбек, Қазақстанның халық партиясынан - Жамбыл Ахметбеков. Ұлттық кеңестің бірқатар өңілі «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін толықтырды: Саясат Нұрбек, Қанат Нұров, Бақытбек Смағұл, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Айдос Сарым және Бекболат Тілеухан», - деп жазды ол Telegram парақшасында .

Сонымен қатар, ол бұған дейін Ұлттық кеңестің бірқатар мүшесі мемлекеттік органның жоғары сатыларына тағайындалғанын атап өтеді. Олардың қатарында ҚРЦифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Максим Рожин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Эмин Әскеров бар.

«Өз кезегінде Президенттік жастар кадрлық резерві де іс жүзінде жастар мен білікті кадрларды ілгерілету үшін әлеуметтік лифті ретінде тиімділігін көрсетіп отыр. «Nur Otan« партиясынан партиялық тізімі бойынша кандидаттар қатарына резервшілер - Расул Медетов, Тілектес Адамбаев және Зүлфия Сүлейменова кірді. Толықтай алғанда 300 резервшінің 166-сы қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың және квазмемлекеттік кәсіпорындардың түрлі позицияларына жұмысқа орналасты», - деді Е.Қарин.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар