Желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/image/2020/12/02/5dd183e28606b---_1200.webp

Желтоқсанда Сібір антициклоны күшейеді. Ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Каспийдің шығыс жағалауында ауаның орташа айлық температурасы 1°С-қа дейін, оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 0 -5°С-қа, солтүстік пен шығысқа қарай -13-18°С-қа дейін төмендейді. Ең төменгі орташа айлық ауа температура Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында -20-24°С дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын мөлшері азаяды, ал оңтүстікте, керісінше, ұлғаяды және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында 25-50 мм, Шығыс пен Оңтүстіктің таулы аймақтарында 51-200 мм (метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңі бойынша), батыста 32 мм-ге дейін, республиканың солтүстік және орталығында 10-24 мм құрайды.

Солтүстік аумақтарда қар жиі жауып, ал жаңбыр сирек жауады (10 жылда 2-3 рет болып тұрады). Оңтүстік облыстарда жаңбыр айына 1-4 рет, қар аралас жаңбыр айына 1-3 рет жауады.

Желтоқсанның басында және соңында республиканың солтүстік, орталық және шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Бірақ ауа температурасы қайта жылиды. Температура түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін жылынады деп болжануды.

Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірақ фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, Ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С-қа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С-тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С-тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжануды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында айдың басында және соңында ауа райы жауынды болады. Тау және тау бөктерінде жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ және жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан  -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсанның ортасында ауа температурасы түнде -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді;

Елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық өңірінде күн жылынады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар