Армения оппозициясы: Пашинян 8 желтоқсан 12:00-ге дейін қызметінен кетсін

/image/2020/12/06/crop-0_14_320x569_pashinyan-yeni.jpg

Ереванның орталығында сенбіде Арменияның оппозициялық саяси күштері премьер-министр Никол Пашинянға қарсы митинг өткізді. Наразы топ 8 желтоқсанға дейін оның отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлады.

– Біз Пашиняннан сейсенбі сағат 12:00-ге дейін отставкаға кетуін талап етеміз. Егер ол кетпесе, біз бүкіл ел бойынша наразылық акцияларын бастаймыз, – деді "Дашнакцутюн" партиясының өкілі Ишхан Сагатель.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар