Қазақстан туын балконға ілуге рұқсат берілді

/image/2020/12/06/crop-24_6_672x1194_2020120314534123249_2020120314443785363_1517311896_151712920.jpg

Енді туды ғимараттарға, ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға болады. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады. 

27 қарашада премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы төмендегідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар