Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай алаң ашылды

/image/2020/12/07/crop-103_1_436x581_5f0ff350edb2c7655b3f3f74b9360181.jpeg

Шығыстағы Күршім ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай алаң ашылды. Бұл туралы Altaynews хабарлады.

Алаңның қақ ортасына хакімнің алып ескерткіші қойылды. Қоладан құйылған ақынның сұлбасының жалпы биіктігі – 6 метр. 10 мыңнан астам тұрғыны бар аудан орталығында бұрын ұлы Абайдың есімі берілген бірде-бір нысан болмаған.

Сондықтан жалпы аумағы бірнеше гектар болатын орталық алаңға Абайдың есімі берілді. Ал саябақ толық абаттандырылып, жан-жағына жарық қойылды.

Бұл болашақта түрлі мәдени шараларды түнде де өткізіп, халықтың емен-еркін серуендеуіне де мүмкіндік береді.

Сондай-ақ алаңның әр жеріне музыкалы субұрқақ орнатылды. Ұзындығы 20, ені 10 метрлік су бұрқақты салуға аудандағы кәсіпкерлерде қол ұшын берді.

Биыл Күршім ауданы орталығында 4 көшенің жолы толық жөнделіп, абаттандырылды. Бұл жұмыстардың бәрі шекаралық ауданды дамыту бойынша атқарылды. Ал аудандағы жалпы елді мекендердің инфрақұрылымын жөндеуге биыл 5 млрд-қа жуық теңге бөлінді.

"Мұның бәрі халық үшін, кейінгі ұрпақ үшін. Ескерткіштің, алаңның үгіт-насихат, идеологияға маңызы өте зор. Біз негізі сөзімізді Абаймен бастап, ұрпақты Абаймен тәрбиелесек, келешекте ұтылмайтынымыз хақ", - дейді ақын Қасен Зәкәрия.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар