Үндістанда белгісіз ауру тарады

/image/2020/12/07/crop-35_2_544x725__115862248_pti.jpg

Үндістанның оңтүстік штатында белгісіз аурудан 1 адам қайтыс болды, 227 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Науқастардың барлығында бірдей белгілер байқалған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскендердің барлығының басы айналып, жүрегі айныған.

Белгісіз ауру демалыс күндері Элуру қаласына таралып үлгерген. Оның шығу себебі зерттелуде. Дәрігерлер белгісіз ауру коронавирус болуы мүмкін деп күдіктенген, алайда науқастардан тест алынып, нәтижесі теріс шыққан.

Штаттың денсаулық сақтау министрі Алла Кали Шринивастың айтуынша,  ауру су немесе ауаның ластануынан шығуы мүмкін емес.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар