Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен және COVID-19 екінші толқынына дайындық аясында қалада балалар мен қарт адамдарға тегін профилактикалық тексеру жүргізілуде.
Түрксіб ауданында профилактикалық тексерулар жүргізу жайлы №19 Қалалық емхананың бас дәрігері Кәмшат Айтқазина Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген онлайн-сұхбат барысында айтып берді.
ТЖ режимі мен карантин кезінде профилактикалық тексерулердің жүргізілмеуіне байланысты, халықтың әлеуметтік жағынан ең әлсіз топтарын тексерумен қамту шешімі қабылданды. Бірінші кезекте, бұл көптеген созылмалы аурулары бар жасы үлкен адамдар тобы (65 және одан жоғары жастағы) және 16 жасқа дейінгі балалар.
Түрксіб ауданында 7 медициналық ұйым жұмылдырылған, онда 242 081 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар 66 460-ты құраса, 65 жастан асқан 20 918 адамды құрайды. Диспансерлік есепте ересек жастағы топта 15 543 адам және 12 712 бала бар.
К. Айтқазинаның айтуына қарағанда, профилактикалық тексерулар жүргізуде әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасылардан шыққан балаларға, бұл көпбалалы отбасыларға, бір ғана ата-ана тәрбиелеп отырған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлінеді.
«Медициналық ұйымдармен бірінші кезекте нысаналы топтар құрылып, мультидисциплинарлық командалардың құрамы бекітіліп, арнайы үйге шақырту бойынша бару кестесі жасалды», — деді бас дәрігер.
Осылайша, 12 760 баланы және 65 жастан асқан 11 700 адамды тексеру жоспарланған.
Оның ішінде көпбалалы отбасылардан — 608 бала. 1 ата-ана тәрбиелеп отырған балалардан — 104 бала. Мүмкіндігі шектеулі балалардан — 415 бала.
Құрамында:
- 65 жастан асқан адамдар үшін жалпы тәжірибелік дәрігер медбикесімен, невропатолог, кардиолог, отоларинголог;
- балалар үшін педиатр дәрігер, невропатолог, окулист, отоларинголог, балалар хирургі бар бригадалар құрылды. Патология анықталған жағдайда, пациенттер есепке алынып, денсаулығында анықталған ақауларға байланысты, ем тағайындалады.
Наурыз айынан тамызға дейін карантиндік шаралар енгізілгенін ескере отырып, көптеген диспансерлік науқастар мерзімді диспансерлік тексеуден уақытылы өте алмады, сол себепті бір жағынан толықтай тексеру жүргізу, яғни, флюрографиялық тексеру, іш қуысы органдарына және бүйрекке ультрадыбыстық тексеру, жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, қанның биохимиялық талдауы, артериялық қысым мен көз қысымын өлшеу жүргізу жоспарланған.
«Ауру белгілері бойынша қарт адамдарға күндізгі стационарда, үй стационарында ем тағайындалады, сонымен бірге, тегін дәрілік құралдарды жеткізу қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті К. Айтқазина.
Нысаналы топ пен қауіпті топтағылар COVID-19 жұқтыруға әлдеқайда бейім екенін ескере отырып, мультидисциплинарлық топтар ақпараттық жұмысқа ерекше назар аударуда.
Бұдан басқа, халықты коронавирус инфекциясының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру емханалардың сайттарында, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда ақпарат, бейнероликтер орналастыру арқылы жүргізіледі.
Сонымен бірге, ақпараттық буклеттер әзірленіп, Алматы қаласы халқының арасында таратылды.
Пікір қалдыру