"Әлиев саған ақша береді". Лукашенко мен Саргсянның Таулы Қарабақ туралы әңгімесі тарады

/image/2020/12/08/crop-9_9_357x581_f318d448a87530868d9520bc10c7a.jpeg

Желіде Арменияның экс-президенті Серж Саргсян мен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың Таулы Қарабақ туралы әңгімесінің аудиожазбасы пайда болды. Аудиожазбада саясаткерлер Таулы Қарабақтың жеті ауданын Әзірбайжанға беру кезіндегі сценарийді дамытудың ықтимал нұсқаларын талқылағаны естіледі. Саргсянның кеңсесі жазбаның түпнұсқа екенін растады, деп хабарлады Sputnik Армения.

Әңгіме барысында Лукашенко Саргсянға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұсынысына келісіп, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Таулы Қарабақтағы бітімгершілік миссиясының "қауіпсіздік белдеуін" беруді ұсынды.

Бірақ Саргсян аудандарды берген соң Әзербайжан президенті соғысты бастамайтынына күмәнді екенін жеткізді.

– Біз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргіміз келеді, бірақ өкінішке қарай біздің тілегіміз жеткіліксіз, – дейді Серж Саргсян.

– Оған аудандарды беріңіз ,ол (Әлиев - ред.) бірінші кезеңде 5 миллиард доллар төлеуге дайын, – деді Лукашенко.

– Ол осы жеті ауданды тастап кетсе, мен оған 6 миллиард беремін, – деп жауап берді Саргсян.

Саргсян жеті ауданды беруге құлықты еместігін жеткізді, өйткені онда бес мың армян жауынгерінің қаны төгілген.

– Ал, не бопты? Бізде 30 миллион адам қайтыс болды, бірақ біз немістермен соғыспаймыз, – деді Лукашенко.

Арменияның бұрынғы президентінің баспасөз қызметі Лукашенкомен әңгіме Саргсянның президенттік кезеңінде Ереванда 2016 жылдың күзінде ҰҚШҰ саммитінде болғанын хабарлады.

"Үшінші президенттің кеңсесі аудиожазбаны факт ретінде қабылдайды және жабық форматта өткізілген отырыстар әлі күнге дейін түсіндірілмегендіктен, түсініктеме беруден бас тартады"  делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар