Тағы 9 адам коронавирустан қайтыс болды

/image/2020/12/09/crop-5_3_397x707__10_.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы соңғы деректерді хабарлады.

Министрлік мәліметінше, бір күнде 729 адамнан коронавирус, 215 адамнан пневмония анықталған, 9 адам коронавирустан қайтыс болған. 

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13986 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 231 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 33 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда COVID-19 тіркелген алғашқы күннен бүгінге дейін 138 382 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде 2105 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бастап жүргізілген пневмония статистикасына сәйкес, осы күнге дейін 43 339 адамнан пневмония анықталып, 456 адам көз жұмған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар