Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Никонов секілді деңгейдегі адамның ойсыз айтылған мәлімдемесіне назар аудармайды. Бұл туралы КазТАГ агенттігіне министрліктегі дереккөз мәлім еткен.
– Бұл ("Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деу – ред.) мәлімдеме – спикердің (Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов – ред.) төменгі білімі мен тәрбиесін көрсететін ойсыз айтылған сөз, – деген дереккөз.
Инсайдер қазақстандық СыртІсМин мұндай мәлімдемелер назар аударуға тұрмайды деп санайтынын атап өткен.
– Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасында керемет достық қарым-қатынас орнаған әрі барлық мәселе бойынша түсіністік салтанат құрған, – деген дереккөз агенттікке.
Бұған дейін Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеген.
Асkar
Токаев ол КГБнын адамы.Казактын адамы емес.Мысалы Орыстар Казакстанды оккупацияласа,НурОтандыктар келеси куни Орыстарга барып шапка жане папка сурайды.
Абдулла
Біздің жер ежелден түркі халықтарының жері. Ресей федерациясының жартысынан көбі түркі халықтары екенін біле ме екен осы малғұндар. Ал енді үкімет басында отырғандардың көбісі бұрынғы Мәскеуге жарамсақтанған коммунистер ғой. Ит иесін қаппайды деп бұлар да құйрықтарын бұлғап отырған шығар
БЕКБОЛАТ
Онда нағып отыр кетсін орнын босатсын қорқақ
Мен
ҚР СІМ қарсылық білдірмесе, құптағаны. Басқаша не ойлауға болады? Осындай арандатушылыққа неге халық күйзелуі керек? Билік пен халық арасы алшақтау себебі осында жатыр