Илон Масктың SpaceX компаниясының бағасы екі есеге яғни 92 миллиард долларға дейін көтерілмек.
Аэроғарыш өндірісі компаниясы қаражат жинау бойынша инвесторлармен келіссөздері қаңтар айында аяқталады деп күтіліп отыр. Компания Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді сәтті жіберуде.
Business Insider-дің хабарлауынша, осы жолы қаражат жинаудың нәтижесінде компания құны бес ай бұрынғы көрсеткіштерден екі есеге жуық артпақ. Spacex құны 92 миллиард долларға артады деп күтілуде.
Болжамдалған бағалау SpaceX-ті әлемдегі ең құнды жеке компаниялардың біріне айналдырады.
Сонымен бірдей уақытта Солтүстік-Шығыс Ұлыбритания Tesla компаниясының еуропалық Gigafactory зауытының жаңа базасына айналуы мүмкін.
Бұл жағдайлар Forbes тізімінде екінші орында тұрған Илон Маскқа тіпті де жоғары қаржылық әлеует беруі ықтимал.
Бір қызығы, осы жылдың наурызында ғана Маск Forbes тізімінде алдыңғы отыздыққа да кірмейтін.
Пікір қалдыру