Қытайдан келген этникалық қазақтар әуежайда екі-үш күндеп жатады

/image/2020/12/18/crop-256_294_315x561_snimok-ekrana-370.png

Facebook желісінің Бадигүл Оспанбаева есімді қолданушысы Қытай азаматтары делінген бірнеше адамның Алматы әуежайына келген видеосын жариялады.

Кадр сыртында сөйлеп тұрған Бадигүл Оспанбава ұлты қытай жиырма үш Қытай азаматы Қазақстанға жұмыс істеу үшін шекарадан еш кедергісіз өтіп келгенін, ал Қытайда тұратын этникалық қазақтар Қазақстанға келе алмай отырғанын айтады. Сөзінше, Қытайдан келетін этникалық қазақтар әуежайда екі-үш күн жүруге мәжбір. Видеода Қазақстанға кіре алмаған туыстарын тосып жүр деп бірнеше адам көрсетіледі.

Бұған дейін Қамшы порталы 6 желтоқсанда таңға жуық Алматы халықаралық әуежайына қонған бірнеше этникалық қазақ (Қытай азаматы) визасының, ПЦР тесттің теріс нәтижесі барына қарамастан ел аумағына кіргізілмей, себебі түсіндірілместен кері қайтарылғаны хабарлаған. Олар Қытайдан тікелей әуе рейсі болмағандықтан, бірнеше елді басып, соңында Дубай арқылы Қазақстанға жеткен. Қамшы порталының көтерген бұл іс оң шешімін тауып, қандастарымыз елге оралды. Артынша Қамшы порталының жетекшісі Біләл Қуаныш осыған ұқсас жағдайлардың тоқтамай тұрғанын айтып, президент Тоқаевқа ашық хат жазған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар