АҚШ тағы да ондаған қытайлық компанияны қара тізімге енгізді

/image/2020/12/18/crop-7_7_260x503_unnamed.jpg

"Америка Құрама Штаттары ондаған қытайлық компанияны, оның ішінде Бейжіңнің ең ірі чип өндірушісі SMIC-ті қара тізіміне қоспақ" деп хабарлады бейсенбіде Reuters-ке осы мәселемен таныс екі адам.

Бұл қадам президент Дональд Трамптың Қытаймен сауда соғысының соңғы әрекеті ретінде қарастырылды.

АҚШ сауда департаменті 80-ге жуық компания мен еншілес ұйымды қара тізімге қосады деп күтілуде. Олардың барлығы дерлік қытайлық фирмалар.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мұны АҚШ-тың Қытай компанияларына қысым көрсеткенінің дәлелі деп айыптады және Бейжің олардың құқықтарын қорғау үшін "қажетті шараларды" жалғастыра беретінін айтты.

– Біз АҚШ-ты шетелдік компанияларға негізсіз қысым жасауды тоқтатуға шақырамыз, – деді министрлік өкілі Ван Вэнбин жұма күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз конференциясында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар