Майк Помпео Ресейді АҚШ-тың жауы деп атады

/image/2020/12/19/crop-9_15_436x678_mike700.jpg

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Америка жауларының тізіміне кіретінін айтты, деп хабарлады РИА Новости сайты.

– Менен әрдайым жауымыз кім деп сұрайды, жауап мынандай: біздің өмір салтымызға, республикамызға, негізгі демократиялық принциптерге нұқсан келтіргісі келетіндер көп. Ресей бұл тізімге міндетті түрде кіреді, -–деді Помпео Марк Левиннің радио шоуына берген сұхбатында.

РИА Новости атап өткендей, әдетте америкалық шенеуніктер Ресейді қарсылас деп атайды, бірақ жау деп емес. 

Мемлекеттік хатшы Ресейдің жақында болған кибершабуылдарға қатысы бар деген америкалық БАҚ-та пайда болған хабарламалар туралы еске салды.

Ол сонымен бірге Ресей басшылығы "бостандықты жақсы көретіндер үшін нақты қауіп" екенін атап өтті. Помпео Ресейден келетін қауіпті төмендетуді қаламайды және Қытайды АҚШ-тың "экзистенциалды" қаупі деп санайды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар