Түрік жастары: Ресей, қолыңды Қазақстаннан тарт (видео)

/image/2020/12/20/crop-139_67_614x1092_snimok-ekrana-373.png

Түрік жастары Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың "Қазақстан аумағы – Ресейдің сыйы" деген мәлімдемесіне наразылық білдіріп, қазақ және түрік тілінде бейнеүндеу жолдады. Видео түрколог, филолог Оғыз Доғанның youtube арнасында жарияланды.

"Қазақстан жалғыз емес. Ресей, қолыңды Қазақстаннан тарт!" деген ұранмен видео түсірген түрік жастары "Қазақстан – әлемге бейбітшілігімен зор үлгі болған мемлекет" деді.

"Қазақстан үкіметі барлық халықтың тату өмір сүруі үшін қолынан келгенін жасайды. Қазақ халқының басынан талай қиыншылық өтті. Бірақ ер мінезді, намысшыл ата-бабаларымыз ешбір жаудан тайсалмады. Қасық қаны қалғанша туған жерін қорғай білді. Бабалардан аманат болып жеткен жерді қорғау әрбіріміздің борышымыз. Қазақстан жалғыз емес" делінген видеода. 

Видеоның оң жағында Қазақстанның, сол жағында Түркияның мемлекеттік туы бейнеленген. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар