Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.
Соңғы тәулікте 652 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 830 адам емделіп шыққан. 8 адам қайтыс болған. 29 адамнан пневмония анықталды, 1 адам көз жұмды.
Қазіргі таңда 25 147 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 375 пациент стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 249 адамның жағдайы ауыр. 47 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап 21 желтоқсанға дейін 147 236 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2194 адам қайтыс болған.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 21 желтоқсанға дейін 44 414 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 475 адам көз жұмған.
Пікір қалдыру