Нью-Йорк Таймс ақпаратына сәйкеc, Дональд Трамп АҚШ-тағы сайлау нәтижесін жою үшін әскери күш қолдану туралы сұраған.
"Дональд Трамп АҚШ-тағы сайлаудың күшін жою үшін әскерилерді қолдану мүмкіндігі туралы сұрады" деп хабарлады Ақ үйдің инсайдерлері.
Нью-Йорк Таймс ақпаратынша, Трамп жұма күні Ақ үйдегі кездесу кезінде өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинннен болашақ жоспарлары туралы сұраған.
Флинн Newsmax ақпарат агенттігіне "президент әскери жағдай енгізіп, сайлауды қайта өткізуге әскер күштерін жұмылдыруы керек" деп сұхбат берді.
– Жұма күнгі кездесудің бір сәтінде Трамп бұл идея туралы сұраған, – деп жазды Нью-Йорк Таймс Ақ үйдің инсайдерлеріне сілтеме жасап.
Newsmax-қа берген сұхбатында "Егер ол қаласа, әскери мүмкіндіктерге ие бола алады және қарулы күштерді сол штаттарға орналастырып, негізінен сол штаттарда сайлау өткізе алады. Онда әскери жағдай заңы туралы айтып жүрген адамдар бар. Соғыс жағдайы 64 рет енгізілген" деді Флинн.
Пікір қалдыру