Қытайда сотталған жерлестеріміз жазасын өз елінде өтейтін болды

/uploads/thumbnail/20170708193405543_small.jpg

Қазақстан 2013 жылы қол қойған ресми құжатты Бейжің ағымдағы жылдың 1-ші  шілдесінде мақұлдаған болатын. Аталған келісім бойынша Қытай түрмесіндегі қазақстандық азаматтар жазасын өз елінде өтей алады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  nur.кz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бірақ  Қазақстанға ауыстырылған сотталушылар арасында 21 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай жоқ деп жазады 7news.kz.

Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдағаны үшін Қытай заңына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Ол өткен жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұсталды.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Ернұр Уәлидің айтуынша, Ақжарқын әлі Қазақстанға ауысу туралы өтініш жасай алмайды. Өйткені, аталған құжат толығымен реттеліп, күшіне енгенге дейін біраз уақыт керек. Прокуратура өкілінің айтуынша, сотталушылар Қазақстанға келген соң, тура Қытайда алған жазаларын өтейтін болады.

Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Қазақстан президентінің Қытайға ресми сапары барысында қол қойылған құжаттың үлкен үміт сыйлап отырғанын жазды.

«Мен екі ел басшыларының шешімін құптаймын. Бұл Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарының елге экстрадациялануына септігін тигізеді», – деген құқық қорғаушы.

Қатысты Мақалалар