«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы төңірегіндегі дау әлі тарқамай тұр. EXPO-2017 бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев 17 қазанға дейін үй қамауында болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінде "№2 Алматы аудандық соты ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігінің "б" тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Суламбек Баркинхоевқа қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды", - деп жазылған.
Суламбек Баркинхоевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 4 айға дейін, яғни 2015 жылдың 17 қазанына дейін ұзартылды.
"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауға алынғаны жайлы биылғы маусымда белгілі болды. Сол кезде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі оның "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында ұсталғанын хабарлады.
«Қамшы» сілтейді