Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жер үйлердің бірінің қорасынан 1,7 млн теңгесі бар, жерге көмілген сейф табылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өскемен қаласындағы Защита станциясында Желілік полиция бөлімінің қылмыстық полицейлерінің жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде қаладағы жекеменшік үйлердің бірінің қорасында 2013 жылдың наурыз айында жекеменшік фирмалардың бірінің кеңсесінен ұрланған, ішінде 1 681 761 теңге жатқан жерге көмілген сейф табылып, алынған.
Қазіргі таңда ұрлық жасады деген күдікпен үйдің 43 жастағы иесі ұсталған. Материал қылмыстық істі анықтау үшін Өскемен қалалық ІІБ-нің Үлбі полиция бөліміне тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.