"Nur Otan партиясының ісі". Айдос Сарымның Дәулеткерей Кәпұлына жауабы

/image/2020/12/22/crop-3_3_505x898_article_60476.jpg

Бүгін "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында парламент мәжілісі сайлауына қатысушы партиялар арасында өткен теледебатта Nur Otan партиясының өкілі Айдос Сарым "Ауыл" партиясының өкілі Дәулеткерей Кәпұлының "Nur Otan партиясы 20 жылда ұлттық құндылықтар жөнінде бір заң жобасын бермеген екен. Осыны қалай түсіндіресіздер?" деген сұрағына жауап берді.

– Мен сізбен келіспеймін. Осы кезге дейін қабылданған заңдар мен атқарылған бағдарламар басым көпшілігі Nur Otan-ның депутаттары болғандықтан оны Nur Otan партиясының ісі және жобасы деп айтуға болады. Айналып келгенде руханият дегеніміз мемлекеттік бағдарлама немесе бюджет емес. Біздің партияның бағдарламасы нақты есептелген. Біз алдымен экономиканың жағдайын жақсы түсінеміз, сондықтан нақты ұсыныс айтамыз. Осы кезге дейін 20 жылдың ішінде "Мәдени мұра" деген бағдарлама болды. Сол арқылы бағалы жәдігерлерді елге алып келдік, – деді Айдос Сарым.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар