“Ақ жол” партиясының белсенділері «Кайнар-АКБ» аккумулятор зауытында болды

/image/2020/12/24/crop-11_10_581x774_1272a13c-2ac3-4548-bc02-82cb35ecf633.jpg

Бүгін “Ақ жол” партиясының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында болды. Үгіт-насихат тобын аймаққа партия лидері Азат Перуашев өзі бастап барды.

Партия белсенділері бұл жолы «Кайнар-АКБ» аккумулятор зауытында болып мұндағы жұмысшылардың ой-пікірін тыңдады.

«Кайнар-АКБ» аккумулятор зауытының өндірістік қуатын арттыруға әлеуеті бар. Алайда кейбір мәселелер зауыттың одан әрі күшейуіне тоқсауыл болып отыр. Қазір айына 340 мың дана аккумулятор шығаруға шамасы жетіп тұр. Ал, осы айда тіпті 550 мың дана аккумуляторға тапсырыс келіп түскен. Сондықтан кәсіпорын басшылары қарап отырмай өндірістік қуатын арттыруға тырысып-ақ жатыр. Дайын болған қазақстандық өнім Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Польшаға, Германияға, Италияға жөнелтіледі.

Бүгін партия төрағасы Азат Перуашев бұл ұжымның жұмысшыларымен жеке пікірлесті. Мұнда қазір 1200 адам еңбек етіп жатыр. Жұмысшылрдың жалақысы орташа есеппен 180-220 мың теңге. Алайда, кешегі локдаун кезінде зауыт екі айға тоқтап тұрды. Сондықтан жұмысшылардың көкейінде тағы да сол жағдай қайталана ма деген күмәнді сұрақ бар.

Зауыт басшыларын алаңдатып отырған басты мәселе зауытқа өнімділікті арттыру үшін шикізат жетпей жатыр. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі қорғасынды Өзбекстаннын әкелу, екіншісі елдегі тау-кен кәсіпорындарынан тікелей салып алу. Алайда, Өзбекстан мемлекеті қорғасынды экспортқа шығаруға тыйым салған. Ал, шикізатты тау-кен компанияларынан алу тым қымбат. Отандық өндірістер металлды Лондон қор биржасында белгіленген бағаға сатып алуы қажет. Оған тасымал бағасын тағы қосыңыз. “Ақ жол” партиясы үкімет осы мәселені назарға алуы қажет деген пікірде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар