Сенбі күні Қордай аудандық орталық ауруханасында «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабының мүшесі Сәтбек Саламатов, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Зәуреш Қадырбекова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мырзағали Күзербаева медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Үгіт-насихат тобының өкілдері ақ халатты абзал жандармен сұхбаттасып, өздерінің келу мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ, олар партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды.
Медицина саласында соңғы жылдары ауыз толтырып айтатындай жұмыстар атқарылды. Бес жылдың ішінде ауданда 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік аккушерлік пункт, 9 типтік медициналық пункт салынды. Орталық ауруханаға компьютерлі томограф, ультрадыбыстық эксперт класты аппараттар, өкпені жасанды желдету аппараттары, жаңа туған нәрестеге арналған инкубатор, цифрлы рентген аппараты, цифрлы маммограф, жылжымалы медициналық кешендер алынды. Мұның барлығы ел игілігі үшін екенін атап өткен Зәуреш Қадырбекова, медицина саласының қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан істерді де баян етті. Биыл Қордай ауылында салынып жатқан көппәтерді үйлерден бірнеше медицина қызметкеріне пәтер берілетінін, келесі жылы аудандық орталық аурухананың жанынан тағы 270 орындық аурухана бой көтеретінін де тілге тиек еткен Зәуреш Қалқаманова жиналған көпшілікті партияны қолдауға шақырды.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері 10 қаңтар күні сайлауға барып, таңдауларын жасайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы сайлау қорының есебінен төленді
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Қордай ауданыдық филиалының баспасөз қызметі
Пікір қалдыру