Соңғы аптада коронавирустың үш жаңа нұсқасы анықталды және олар әлемнің кем дегенде 13 еліне тарады.
Соңғы бірнеше аптада COVID-19-дың жаңа үш нұсқасы анықталды. Бұл жағдай бүкіл әлемде қырағылықтың күшеюіне себеп болды. Мамандардың айтуынша, Ұлыбританияда табылған штамм 70 пайызға тез таралуы мүмкін.
Алайда дейін мутацияға ұшыраған вирус түрлерінің өлімге қаншалықты соқтыратыны немесе вакциналар мен емдеудің қаншалықты өнімді екені әлі анықталған жоқ.
Жаңа штамм туралы алғаш рет Ұлыбританияда 14 желтоқсанда хабарланды және ол "VUI-202012/01" деп аталды (2020 жылдың желтоқсанында тіркелген алғашқы штамм). Ол алғаш рет қыркүйектің ортасында пайда болған деп болжанды.
Ұлыбританияда пайда болған жаңа вирус елдің көптеген бөліктерінде тез арада басым штамға айналды.
Өткен аптада Оңтүстік Африка Ұлыбритания нұсқасынан гөрі мутацияға ұшыраған тағы бір жаңа штамм туралы хабарлады.
"501.V2" деп аталатын бұл нұсқа Оңтүстік Африкадағы жаңа расталған инфекциялар арасында басым болды.
24 желтоқсанда Африканың ауруларды бақылау органының басшысы Нигерияда "P681H" деп аталатын тағы бір COVID-19 штамы анықталғанын айтты.
Қазірге дейін Ұлыбритания, Австралия, Канада, Дания, Франция, Италия, Жапония, Ливан, Нидерланды, Нигерия, Сингапур, Испания, Оңтүстік Африка және Швецияда жаңа коронавирус түрімен ауырған адамдар тіркелді.
Пікір қалдыру