"Бананда кездесетін жаңа вирустан 23 адам қайтыс болды"

/image/2020/12/28/crop-8_4_348x620__ama6037.jpg.jpg

Қазнет қолданушылары бір-біріне Қытайда Синьхуа ауруханасында бананда кездесетін жаңа вирус 23 адамның өліміне себеп болғандығын және оның аты - "N7N9" екенін жазып, хабарламаға таратуда. Бұл Ресей мен Украинада жыл басында тараған ескі фейк, деп хабарлады StopFake.

"Кеше түнде Синьхуа ауруханасында n7n9 вирусын жұқтырған 23 адам қайтыс болды. Ең үлкені 35-те, ең кішісі бір жаста болған, олармен байланыстағы дәрігерлер карантинге жатқызылды. Басты арнаның жаңалықтарында бананды, әсіресе оңтүстіктен әкелінген бананды уақытша алмауға шақырды. Бұл хабарламаны өзіңіз алаңдайтын адамдарға, әсіресе топтық чаттарға жіберіңіз. Өз денсаулығыңыз үшін таратыңыздар, өтініш. Банан жеуді азайтыңыз! Бірден жіберіңіз, жауап берудің қажеті жоқ, басқа адамдарға да өздеріне қамқор болуға көмектесіңіздер" делінген хабарламада.

Фэйк


Жыл басында Ресей мен Украина қолданушылары осы мәтінді бір-біріне жіберген. Алайда, бұл хабарламаға расталмады.

Сонымен қатар, N7N90 деген вирус жоқ. Бұл жерде H7N9 деп құс тұмауы вирусының штаммы жайлы айтылған болар. Ол ауа тамшы жолдарымен беріледі. Аурудың қоздырғышы жемістердің ішінде өмір сүре алатындығы және олар арқылы берілетіні туралы мәліметтер жоқ. Құс тұмауының ошақтары 2013 жылы Нидерланд, Италия, Канада, Америка Құрама Штаттары, Мексика және Ұлыбританияда тіркелді. Көп жағдайда инфекция үй құстарынан табылған. Нидерландта бір адам қайтыс болды, басқа жағдайларда ауру конъюнктивит және жоғары тыныс жолдарының жеңіл белгілері түрінде өткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар