КВИ: 11 адам қайтыс болды, 93 сырқаттың жағдайы өте ауыр

/image/2020/12/29/crop-16_26_384x682_1589083969_news_b.jpeg

Өткен тәулікте коронавирустан 8, пневмониядан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бір күнде 739 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған. 

29 желтоқсандағы мәлімет бойынша,  22 322 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 104 пациент стационарда, 17 218 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастардың арасында 252 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар