Бүгін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласына кіреберісте жел генераторынан өрт шықты, деп хабарлады Лада басылымы.
Сайт мәліметінше, оқиға туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 31 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да келіп түскен. Форт-Шевченкоға кіре берісте жел электр станциясында №24 жел генераторында өрт шыққан.
– Түпқараған ауданы өрт сөндіру қызметінің екі техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі дереу оқиға орнына барды. Өрт сөндірушілер механикаландырылған бекет қойды. Алдын ала себеп – қысқа тұйықталу, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров.
Пікір қалдыру