Биылдан бастап еліміздегі 1 миллионға жуық адам зейнетақы қорындағы жинақтарын пайдалана алады, деп хабарлады «Хабар 24».
Бұл ретте «Отбасы банк» бірыңғай оператор қызметін атқарады. Қаражатты пайдалану үшін зейнетақы қорының салымшылары ең алдымен өз жинағы туралы мәліметті білуіге тиіс. Оны электрондық үкімет порталы немесе мобильдік қосымшалар арқылы анықтауға болады. Осы бастама аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2,4 трлн теңгені тұрғын үй алу, емделу және капиталды басқару компанияларына беруді жоспарлап отыр.
Айта кетерлігі, сирек кездесетін аурулардан емделу, диагностикадан өту, стоматологиялық емге де қаржыңызды ала аласыз. Онкологиялық аурудан емделу керек болса, онда да арнайы терапияларға қаржы бөлінеді. Сонымен қатар зейнетке шыққан адамдар да шекті сомадан асқан қаржыға қол жеткізе алады. Мұндай азаматтар саны ел бойынша 170 мыңға жуықтайды. Ең бастысы, зейнетақы қорындағы есепшотта шекті сома қалуы шарт. Шекті сома әр жастағы адам үшін әртүрлі. Сондай-ақ жинақтың бір бөлігін алғанда бюджетке табыс салығы төленуге тиіс.
Ләззат Ибрагимова «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы:
- Пәтер алғанда екінші нарықтан алуға болады. Застройщиктен де. Екінші сұраққа келгенде туыстарына өтініш жазып, олардың жинақтарын алуға рұқсат болады. Сосын құжаттарды жіберу керек. Біз оны тексереміз.
Өтінішті арнайы онлайн платформада электронды негізде қалдыруға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. «Отбасы банкінде» арнайы жаңа есепшот ашылады. Ресми ресурста қаржыны қолдану мақсаты таңдалып, тиісті құжаттар жүктеледі. 45 күннің ішінде салымшыға жауап келеді.
Пікір қалдыру